21.04.2022
  122


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚАРҒАЛАР

Жүрегімен сезініп күй ұқпаған,
Басшы қанша күндіз-түн ұйықтаған.
Солар, сірә, емес деп кім айтады,
Тіршіліктің бәрін де тұйықтаған.
Бағы жанбай бүгінде жаны асқардың,
Жеңілгенін мен көрдім таласта Ардың.
Қара қарға көрдің бе қалғымаған
Қонақтаған басына ағаштардың.
Кілең қарға еліңді басқарғасын,
Неге жерде қалмасын асқар басың?
Самарқанның тасындай жібімейді,
Маған десе көзіңнен жас парласын.
Бұндай басшы, білмеймін, кімге қалай?
Көк жүзінен көрмедім күлген арай.
Кейде орманның құсындай күндіз шулап,
Жоғалады жым-жылас түнге қарай.
Құл болуды еліне намыс көрген,
Ұл болуға жарамай жаны семген.
Басшыларға не дейсің?
Бидайығы
Құзға шығып, тасқа да тарысы өнген –
Тамырында толқындап қан жүгірмей
Елі – өзен болса да ағысы өлген!





Пікір жазу