21.04.2022
  160


Автор: Рафаэль Ниязбек

АТА ЕРЛІККЕ ЖҰМЫЛЫП ДАУЫС БЕРГЕЙ

Шешен жігіті, Қазақстан азаматы
Нажмудин АДУЕВКЕ


Сырқат мынау қоғамда ем қонбаған,
Күнің бар ма жат қолға жем болмаған.
Қара қылды қақ жарып дауыс бергін,
Абыз жүрек ел болсаң ер қолдаған.
Елі барда қолдайтын,
қайда салма,
Асыл ердің жігері жер болмаған.
Жұртты ойласаң аңырап қалған қырда,
Оу, ағайын,
дауыс бер таңнан тұр да.
Нажмудинді кім десең?
Намыс дер ем,
Өжет Рух боп тулаған қан тамырда.
Жігіт десең, жігіт ол нар тұлғалы,
Серке болып бастайтын халқыңды әлі.
 Жалаң аяқ жүгіріп қар кешсе де,
Елдің жүгі арқалап артынғаны.
Ойлы көзбен үңілген алыс белге,
Азамат ер қол соғар табысты елге.
Тал бойыңда бар боса ар-намысың,
Оу, ағайын,
дауыс бер намысты ерге.
Заман мынау өң-түсін жылытпаған,
Күні бар ма жұртыңды ұлытпаған.
Ездерді емес,
Ерлерді қолда, ендеше,
Ата ерлікті ел болсаң ұмытпаған.
Қой торыдай қап қоймай шабысқа ермей,
Оу, ағайын,
дауыс бер намыс көрмей.
Шешен елі – Ерліктің ұлы Отаны,
Сол Ерлікке жұмылып дауыс бергей!





Пікір жазу