meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.04.2022
  176


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Мен сені мақтасам, мастанба

Мен сені мақтасам, мастанба,
Мен сені даттасам, жасқанба.
Өзіңдей болшы, өзгедей емес,
Өз сөзіңмен шертші кеңес!
Сен мұңды болсаң, мұңдасайын,
Сен сыршыл болсаң, сырласайын.
Өзімді емес, өзіңді ұғайын,
Озып кетші, сені өзім қуайын.
Қызғаныш мені білдірмей жеңсін,
Қаралы жар боп қойныма енсін.
Күнә емес қой қызғаныш сонша,
Қызғануға өзің тұратын болсаң!..





Пікір жазу