21.04.2022
154
Жанр сыры
Келмес жоқ жамбасыма оң, сірә, жанр,
Жазамын жыр, прозам болса жауыр.
Шартаққа ұшқыр тартар бәйге бозды,
Тойшы жұрт ұшқырды емес, бозды таныр.
Өлең мен қара сөздің бапкеріндей –
Сында да еттім еңбек әсте ерінбей.
Өмірден көрінеді барлық жанр,
Жүрсең сен ел ішінде жат көрінбей.
Демеймін мендей адам әлемде жоқ,
Озардай өзге адамнан дәмем де жоқ.
Жұпыны тірлік жұрттан кешсем де өзім,
Көңілім саналыдан сәлемге тоқ.
Өмірде әдебиет – түрлі майдан,
Әр жанр, сақтауга жан тиді пайдаң.
Уаныш, өкінішпен тайталасқан –
Осы өнер болды душар маған қайдан?!