21.04.2022
  175


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Кертолғау

Күй шықпас көкейіңнен еркін келмей,
«Кертолғау» кері қарай шертілгендей.
Шарасыз шымырлайды тұла бойың,
Тас жүрек қорғасын боп ертілгендей.
«Кертолғау» құдды аруана аңыраған,
Ыңдыны сағыныштан қаңыраған.
Шабысқан сан дыбыстың сәулесі бар
Жұлдыздай қара түнде жамыраған.





Пікір жазу