21.04.2022
  129


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Жуа

Газеттер болды дастарқан,
Басында мөлдір бұлақтың.
Бокалда толқып атқан таң,
Моншағы тамды сынаптың.
Жандары қырдың меймандос,
Тағамын түрлі ұсынар.
Қоштасар сәтте көңіл хош,
Көздер жоқ жүрек ұшынар.
Көгілдір самал желпіді,
Етеді тәжім жуалар.
Жұпарға жаным елтіді,
Көктемнен көңіл ұялар.
Жуаны кірш-кірш шайнадым
Өртенді тәтті өзегім.
Жасаурап көзім жайнады,
Жақсы едің қандай, өз елім!
...Дүние жұмыр дөңгелеп,
Көз алдымнан өттің ғой.
Кіндік кескен жерге кеп,
Сәбилік шаққа жеттім ғой!





Пікір жазу