21.04.2022
217
БҰҒЫНАДЫ НАМЫСҚА НЕГЕ ШАППАЙ?
Көк жүзінен күн көзі нұрын төккен,
Әлем кейде ыдыстай сыры кеткен.
Басын
қара қазақтың бір қоса алмай,
Бұл жалғанда сансырап Сырым да өткен.
Көз алдынан зымырап қашқанда арай,
Қазақ басын қоса алмай сасқан талай.
Жақсылыққа ұмтылмай жүрген жұртқа
Шуақ, нұрын төгеді аспан қалай?
Сырымды да тыңдамай сырғақтаған,
Қайран қазақ кімге де бұлғақтаған.
Сардар туған ақ сұңқар сардаламда
Қалың өскен қамыстай жын қаптаған.
Бір қайғыма бір қайғы тұр ұласып,
Төгіле ме кемерден бір күні асып.
Қайрақ болып қаншама жыр жазсам да,
Оята алмай намысын жүрмін сасып.
Қолы суып қалса да шеге қақпай,
Адырнасын бола ма кере тартпай.
Жайшылықта ер қазақ
қайшылықта
Бұғынады намысқа неге шаппай?!