21.04.2022
  298


Автор: Шерубай Құрманбайұлы

Мемлекеттік тілді білмейтін мемлекеттік қызметші болмауы керек

 


Мемлекеттік тілдің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру мақсатында осыдан екі-үш жыл бұрын мемлекеттік тілді білуі қажет кəсіптер, мамандықтар мен лауазымдар тізбесі жөнінде нормативтік құжат əзірлеу мақсатында Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау ми- нистрлігі, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Əділет жəне Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрліктері жұмыс то- бын құрып, бірлесіп жұмыс істеуді бастаған еді. Заң жобасын дайындау туралы бастама да болған. Бірақ бұл іс тоқтап қалды. Жалғасын тап- пады. Осы 23-бапқа тиісті өзгеріс енгізбей болмайды. Мемлекеттік тілді білмейтін адамды мемлекеттік қызметке алу дегеннің өзі ақылға сый- майтын нəрсе. Өз мемлекетінің тілін білмейтін, оны сыйламайтын адам қалай сол елге, мемлекетке қызмет етеді?


Орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдарда «Қазақстан Респуб- ликасындағы тіл туралы» Заң талаптарын орындауға өз дəрежесінде көңіл бөлінбей отыр. Мемлекеттік тіл əлі де болса өз мəртебесіне лайықты орнын ала алмай келеді. Бұл орайда «Қазақстан Республика- сындағы тіл туралы» Заңының орындалуын қадағалап, заң талаптарын орындамаған басшыны да қосшыны да жауапқа тартатын уақыт жетті.


Басқару органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын кадрлық қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, мемлекеттік қыз- метшілердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұй- ымдастырушылық жəне материалдық-техникалық жағдайлар жасалға- ны дұрыс. Бүгін мемлекет қаржысын бөліп, көптеген мемлекеттік қыз- метшілерді оқытып жатырмыз. Бірақ тілді құлшынып оқып, курстарды бітіргеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізіп кеткендерді көп ұшырата бермейміз. Себебі, мемлекеттік құрылымдардың көпшілігінде олардан іс жүргізуді талап етіп, өзі басқарып отырған ведомствода мемлекеттік тіл- дің, заңда белгіленген мəртебесіне сəйкес қызмет атқаруын қамтамасыз етуге асығып жатқан министрлер, əкімдер, агенттік, комитет төрағалары өте аз. Бізде мектепте, арнаулы жəне жоғары мектепте барлық қазақстан- дық қазақ тілін оқиды. Бəрінің дерлік аттестаттары мен дипломдарында


«төрт» пен «бес» деген баға бар. Бірақ қызметінде тілді пайдалана ал- май жатады. Жалпы тілді сонша жыл оқыған жоғары білімді əр маман мемлекеттік қызметке келгенде тест, емтихан тапсырып қабылдануы керек. Одан кейін оған тағы қаржы жұмсап, иліге берудің қажеті жоқ. Ендігі жерде мемлекет емес сол маманның өзі мүдделі болуға тиіс. Тілді оқытуда да, мемлекеттік қызметке қабылдауда да формалдылық, өзімізді өзіміз алдау дегенге жол беруді тоқтатпасақ, ісіміздің ілгері басуы қиын.


 


«Сақшы» газеті. 2005 қаңтар, – № 2.





Пікір жазу