Орысшасы – ойран, ағылшыншасы – айран, қазақшасы – қайраң қазақ...
Жақында өз сөзін қазақша бір-екі сөйлеммен ғана əзер бастап, дереу орыс тіліне көшіп кетуді əдетке айналдырып алған лауазымды басшы- ларымыздың бірі өзінің ағылшын жəне орыс тілдерін жақсы білетінді- гін мақтанышпен айта отырып, ана тілін білмейтіндігіне арланбайты- нын да аңғарта кетті. Сондай көкенің тəрбиесін көрген университетте оқитын бір шəкірт ініміз: «Қазір қазақ тілінің қоғамдық қызметінің аясы өте тар, сол себепті мен орыс тілінде сөйлейтініме қысылмаймын жəне уақытымның көбін ағылшын тілін тереңірек білуге арнаймын», – деді. Өзі де, балалары да орыс тілінде ғана сөйлейтін бір зиялы та- нысымыз: «Біздің қазекеңдер, тіл, тіл деп көп сарнай береді, жалпы қазақтардың бəрі де орыс тілін жақсы біледі. Тілдің ең басты қызметі – адам мен адамның түсіністігін, қарым-қатынасын қамтамасыз ету емес пе. Қай тіл арқылы түсінісіп жатқанымызда тұрған не бар. Мен қай тілде сөйлейтіндігіме қарамастан бəрібір қазақпын ғой», – деді. Əкесі қазақ, шешесі қазақ болғанмен жаны жатқа айналып кеткендігін өзі еш сезінбейтін бауырымызға «жоқ, сен қазақ емессің», – деп қалай айтарсың?
Жалпы, мұндай пікір қалыптасқан қандастарымыздың бірлі-жарым ғана емес екендігі күмəн туғызбаса керек. Соңғы он шақты жылдың ішінде орыс тіліне қоса ағылшын немесе неміс, француз тілдерін игеріп алып жүргенде туған тілімізді үйрене алмай жатуымыз, ұлт тілінде тəлім-тəрбие беріп, білім алуға асықпайтындығымыз оның рөлін əлі де жете бағаламайтындығымызды көрсетіп отыр.
Сондықтан да «өз тіліңді біл» деп құрғақ ақыл айта беруден гөрі от- басында да, мектеп пен жоғары оқу орындарында да ұлт тілінің ұлттың жаны екендігін оның ұлттық мінез-құлықты қалыптастырып халқы- ның өзіндік ерекшеліктерін бойға сіңіретінін жас ұрпаққа тереңірек түсіндірудің қажеттілігін көрсетеді. Ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – тіл. Тілді тек бір ойды жеткізудің немесе қарым-қатынастың ғана құралы деп түсіну жеткіліксіз. Тіл, ең алдымен, ойдың өзін құрау- шы болып табылады. Ол жеке адамға ғана емес, сол тілде сөйлейтін адамдар тобына, халыққа, ұлтқа қызмет етеді. Тілсіз ұлт болмайды. Қай тілді болса да, сол тілді тұтынушы жұрттардың өздері жасайды. Сондықтан да кез келген тіл белгілі бір халықтың, ұлттың атымен бай- ланысты болады. Мысалы, қазақ тілі, ағылшын тілі, араб тілі, жапон тілі, француз тілі, т.б.
Тіл ұлтпен бірге өркендеп, дамып отыратындықтан да ол бүкіл бір халықтың таным-түсінігінің, парасат-пайымының, көрген-білгенінің бəрін жинақтайтын қазыналы сарайына айналған. Өз тілінен қол үзген
адам сол рухани байлықтан сусындай алмайтындықтан ұлтының қа- сиеттерін бойына сіңіре алмай, өз ұлтынан жырақтап қалады. Көне грек ғұламалары адамның белгілі бір ұлтқа, халыққа тəн екендігінің ең бірін- ші шарты – сол ұлттың тілін жақсы білуі деп тегіннен-тегін айтпаған. Өйткені тіл арқылы ұлттың бүкіл болмыс-бітімін тануға болады. Қа- зақтың аса дарынды ақын ұлы Мағжан Жұмабаев: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей ты- мық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмы- сы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бəрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең. Тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай тіл жоқ», – деген болатын. Қазақ тілінің бай тіл екендігін оны зерттеген бірқатар шетел ғалымдары мен жазушылары да атап көр- сеткені мəлім.
Бүгінде қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тілге деген құрмет – өз елімізге, Отанымызға деген құрмет. Сондықтан оны меңгеру – ұлтына, əлеуметтік тобына, жынысы мен те- гіне қарамастан Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы. Ал ұлты қазақтардың ана тілін шала-шарпы ғана біле салуы жеткіліксіз, олар өз ұлтының рухын сезініп, ұлттық қасиеттерін бойына дарыту үшін тілін жетік білуге міндетті.
Немістің əлемге əйгілі ғалымы Вильгельм фон Гумбольдт «Ұлттың өзіне тəн іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шыға- рып, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беруші күш – тіл» – дейді. Ана тілінде тəр- биелену арқылы адам ұлтының өзіндік қасиеттерін бойына жастайынан сіңіріп, ата-бабаларының ұрпағына қалдырған ең қымбат рухани-мəде- ни мұрасына ие болады. Ол мұраны əр буын өзінен кейінгі ұрпаққа қал- дырып отырады. Сөйтіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғас- тыра отырып, тұтастай бір ұлттың сақталуын қамтамасыз ету – тілдің ең маңызды қызметі. «Ұлтқа тілінен қымбат нəрсе жоқ» дейтіндігіміз де сондықтан. Өз ұлтын шын сүйетін əрбір ұлтжанды азамат ана тілін жақсы біліп, ардақтаумен қатар оны көзінің қарашығындай қорғауға, қолынан келгенінше оның дамуы мен кең тарауына үлесін қосуға тиіс. Сонда біздің тілімізбен бірге ұлтымыздың да мерейі асқақтай түспек. Оған қол жеткізу үшін – ұлт тілінің қадір-қасиетін терең ұғынып, оның ұлт өмірінің айнасы екендігін түсінбеген жанның өз жұртының жүрек лүпілі мен тамыр бүлкілін сезіну қабілетінен айырылып қалатындығын ұл-қыздарымыздың миына əбден сіңіре алатын ата-аналар, үлкендер бо- луы керек. Біз сол міндетімізді атқарып жүрміз бе???
«Қазақ университеті» газеті.
- - №9 (1293).