21.04.2022
  204


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚОҒАМ

Жетілдің өсіп күшті елде,
Дүние сырын ұғынып.
Ұлт тағдыры сынға түскенде,
Үндемей қалма бұғынып.
Ұлтыңды қорғап шырылда,
Қорғайды құс та мекенін.
Үндемей қалу шынында,
Ұмытпа қылмыс екенін.
Жұрт түгел әлі ызалы,
Адасып тоңған боранда.
Күн кешіп жүрміз біз әлі,
Қайшылығы көп қоғамда.
Халықтың нанын жегендер –
Биліктің биік төрінде.
Халықтың қамын жегендер –
Күңіренген суық көрінде.
Басыңа қатер төндірген,
Сұмдардан көмек сұрама.
Қапыда кісі өлтірген
Сотталмай, сірә, тұра ма.
 Ер жігіт болсаң жөн білген,
Алдымда бақыт тұр деме.
Ұлтыңның рухын өлтірген
Түспейді неге түрмеге?!
Намысы қайда жұртыңның,
Әділдік іздеп жол шегер.
Қолыңнан бірақ не келсін:
Өлтірген рухын ұлтыңның
Қоғамның өзі болса егер.





Пікір жазу