21.04.2022
273
![](/uploads/shorttexts/author_image/rafaehl-niyazbekov.jpg)
БОЛАР, БӘЛКІМ, ШЫНДЫҚТАН...
Тіршіліктің қым-қуыт базарында,
Шындық – менің келбетім, ажарым да.
Бозторғайдай кеудемде шырылдаған
Шындық еді жазғаным, жазарым да.
Күншіл топтың шыжғырған бетін қарып,
Жазған жырым халқымның назарында.
Кімнің неден өлерін кім біліпті,
Болар, бәлкім, шындықтан ажалым да.