21.04.2022
189
Сары жазда қарауытып реңім
Сары жазда қарауытып реңім,
Өңірде ұшан қыдырып мен жүремін.
Оң жыланның терісіндей түледі,
Күн сәулесі жалын шарпып білегім.
Оқ жыландай сүйреңдесе қаламым,
Шағар жанды іздеп жүріп шағамын.
Жақсы адамның босатамын көңілін мен,
Домбырамен шертіп назын наланың.
Бір ұртым бал, бір ұртым зәр ежелден,
Екеуімен өттім талай кезеңнен;
Жақсы адамның босатамын көңілін мен,
Болмадым мен жыршы, әйтеуір, сөз емген!..