20.04.2022
  156


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Мыңжылқы

Тау заңғары жүріске жол бермейді,
Соқпақ жолы жыландай иреңдейді.
Жүрегі ауру қайтады әудем жерден,
Ел – кәнігі, қатерден именбейді.
Бірте-бірте соқпақ жол бұраңдаған,
Тау басына апарар тұманданған.
Шыңқа бөгіп жатады таудың үсті,
Рауандап, толықсыған атқанда таң.
Бөгде-бөтен жете алмас қайран Бессаз,
Шалғынға аунап бозбастар болады мәз.
Етігімді бояған көк майсасы,
Жайлаудың сол, дариға, дәурені аз!
Шатыр тіккен аралға серілердей,
Табиғатты сүйсең сен, сүйші мендей!
Бір көріп қал жайлауды өтер болсаң –
Екі кетіп, өмірге екі келмей!





Пікір жазу