Ақбикеш
БЕТАШАР
I
Көк орай, солқылдақ саз Жеті Қоңыр,
Арқаның ақ селеулі шеті Қоңыр.
Қалың ел шеңбер-шеңбер отыр сыңсып,
Күйіндей табиғаттың шертіп өмір.
Ағасы қалың елдің – Кескентерек,
Өзі де бейне түзде өскен терек.
Байлығы, батырлығы екі жақтап,
Сапарын сахараның кешкен ерек.
Теректің ақ ордасы алшақ қонған,
Олжасын тойдың тоқсан аңсап қонған.
Мырзаның қарындасын ұзатарда,
Лек-лек боп ағылды жұрт оңнан-солдан.
Тартылған орда алдында кермелерге
Жылқының есебі жоқ термелерге.
Жапанға мойнын созып қарауылдап,
Боздайды ботасыз нар көр кемерге.
Ордада сұқбат құрған шүй желкелер,
Көл-көсір дастарханы үйге еркелер.
Қобыздан хан жайында қаңқу тыңдап,
Шертілер неше түрлі бүлкіл шерлер.
Атадан жеткен бүтін немереге,
Сар қымыз сапырулы тегенеде.
Қытайдың қара шайы ішін қуса,
Тай етін нетеді олар жемегенде.
Шертеді кеңес тоқтар өткен күннен,
Келмеске бірте-бірте кеткен күннен.
Қосақтап махаббатқа кескек байлап,
Шермиген сансыз сары дерттен күннен.
Мақтайды шүй желкелер құда жұртты,
Тұтасып иемденген шүйген сыртты.
Барымта-қарымтаға душар болсаң,
Болысар сойылымен ұрда жықты!
Бас құда қораш топты менсінбейді,
Мадақтың мыңғырғанын кемсінбейді.
«Бозбастың әлегі-дүр алып келген,
Әйтпесе, қайсың маған теңсің?» дейді.
Жампозын жұмсап қабақ сайратады,
Ділмары қара тілін айға атады.
Белінде қосшысының сапысы бар,
Қожасы «айтақ!» десе, жайратады!
II
Отауға осы арадан ас барады,
Қағынған қызық іздеп жас барады;
Күйеу мен қалыңдықтың қас-қабагын
Кәртамыс домбырашы басқарады.
Шаңырақтың діңгегіндей сүйеу сыңар,
Жылқының тарпаңындай күйеу шұбар.
Қалыңдық сыр жармайды сыртқа тебер,
Дауылдан солқылдамас бейне шынар.
Аққұба балғын беті қалыңдықтың
Ішінен бөлектенген қалың жұрттың.
Қосарлап өрім қайын-сіңлілерін,
Табуда жеңге жолын алымдықтың.
Не керек, айтып-айтпай салттың сәнін,
Болады көз көрмеген тайқып мәлім.
Ғасырдың қаңқасы көп қайда барсаң,
Құрауға бәрін келер қайтіп әлім?
Білем тек домбыраның шертілгенін,
Жентінің тәтті күйдің кертілгенін.
Жастықта аңсар анық, жазмыш күман,
Сайрады арғыдағың, бертіндегің.
Болды кеш, тебіндеп түк, қоңырлаған,
Таң сырын шаңқай түстен соң- ұрлаған.
Тарасты баспанаға еріксіз жүрт,
Серідей сағы сынып шобырлаған.
III
Отауда жеңгесі мен күйеу қалды,
Шаншылған жалғыз сырық сүйеу қалды.
Сауыққа күн ұзаққа шыққан балқып,
Бір жігіт салқын самда күйіп-жанды.
Теректің жылқышысы Өтемұрат,
Күйеуге жас жағынан тете Мұрат.
Қобыздың кеудесіндей еңкіштенген,
Тұлғасы түздіктерден өте жырақ.
Әзілдеп Ақбикешке ағасындай,
Асауға үйреткен сол баласынбай.
Уытын құмарлықтың ішке сақтап,
Сыздаған ет-жүректің жарасындай!
Отауда күйеу қалып, құл шыққанда,
Көкірек қызғыштанып тұншыққанда;
Жүректен аса шауып, зыр айналды
Секілді күйген тары ұршық қанда.
Іңірде ол көл шетінде тұрды жалғыз,
Әр үйден жатты шығып оттар андыз.
Ақбикеш көз алдында көлең қағып,
Шымшыды құлағынан бейне балдыз.
Өкінді ол сезімнің жат бір ісіне,
Жыбырлап әлі күнге жүрісіне.
Көлдің бұл қасқалдағын куә қылып,
Бикештің жылқышыға күлісіне.
Базна ғып ұстағанда білегінен,
Ерке қыз сылқ-сылқ етіп күле білген.
Сорғалап шаңқан түсте аққаи жұлдыз
Үміттің тіл бойламас түнегінен!
Бикештіц тал бойына сіңген қымыз,
Кеудесі мәйектенген жүмыр, нығыз.
Жылқышы күн сасыған емес құқай,
Аспаннан түскен емес айдарлы қыз.
Жастықтың, әттең, бірақ, мұңы жұмбақ,
Қиыи ғой ұғындыру мылқауға ымдап.
Тіл қатқан толықсымай ат үстінде,
Еркін қыз сұлулықтан құйған шыңдап. –
«Аға-жан, қарыздармын, өмірім сендік,
Жат жұртқа ауған күнде көңілім сендік.
Батырдай күш сынасқан олжамыз бар,
Тимейді хас батырға еркін теңдік».
Жылқышы сөз төркінін қаужамайды,
Білмейді бейне жезде дау-дамайды.
Төсінде табиғаттың салып ойнақ,
Түндіктің түнгі сырын аңдамайды.
Өкінді ол өтіп кеткен бір ісіне,
Қажаған көкіректі тірі ісіне.
Ай туды ақ жамбыдай жартыланып,
Жұлдыздар ұқсап бейне мірісіне.
Жат жұртқа қиса дағы қарындасты,
Құрытты жетім кеште жарым жасты.
Аурудың қаны қашқан реңіндей,
Бозарған мұңға толды айдың асты.
IV
Ел жатты, бозамық түн мамырлады,
Күйеуден басқа пенде сабырлады.
Шалқалап бір шығанда жатты Мұрат,
Өліктей жаңа қазған қабырдағы.
Түндіктен түсті сұлап жансыз сүйеу.
Жеңгені дәу сырықпен түртті күйеу.
«Үйбай-ай, бүйірім!» деп қашты жеңге,
Тайлақтай ығыр қылған ащы тиеу.
Сүйреді ол Ақбикешті дірдектетіп,
Жүрісін бірте-бірте сиректетіп.
Бикешке ескен желден тыныс беріп,
Етегін ақ көйлектің иректетіп.
Астына жастығының тықты теңге,
Теңге үшін өз үйінен шықты жеңге.
Адамзат ғұмырының шырмауы бар,
Қалғанша жер бетінде мықты пенде.
Отауда қалындық пен күйеу қалды,
Сұлайып бағанағы сүйеу қалды.
Бикештің ұрын күйеу қолын ұстап,
Тілінен жеңсіктенген татты балды.
Білмеймін өтті қанша тілсіз сағат,
Әйтеуір, екеуінен кетті тағат.
Ойыннан ойламаған өрт шыққандай,
Үзамай болды бір іс сұмдық ағат.
Екеуі екі сөзден араздасты,
Ақбикеш түнгі отаудан түра қашты.
Шолпысын үзіп, күйеу алды өшін,
Күшіктей лайлаған адал асты.
Жылады сорлы Бикеш үйге келіп,
Сыналар он тоғызда күйге келіп.
Өртенді өжет күйеу күңгірт түнде,
Алдамшы түйе орнына түйме беріп!
Ақбикеш барар жерін көп ойлады,
Кейде адасып, кейде өте дөп ойлады.
Рудың ресімі сау түрғанда,
Орын жоқ махаббатқа деп ойлады.
Білмеді кімді анық сүйгенін де,
Көкейге қандай арман түйгенін де.
Дүпие дөңгеленіп бара жатты,
Ұқсап бір ертектегі күймеліге.
Ақыры, әлде неден қалшылдады,
Бозармай қасарысып таң шыдады.
Түлкідей сезінді қыз ізден қорқар,
Қуатын түздің қарау аңшылары.
«Аңшылар» жарау атын қамшылады,
Қуғынға шарасыздан аң шыдады.
Күнасы сұлулықтың көлең қағып,
Мөлдір тер қара жерге тамшылады.
Жасықтың жасырынып пысуындай,
Көтерем көк тырнаның ұшуындай;
Бикешке шалға шейін құртқан ынтық,
Қиманың қиюы жоқ қышуындай.
Бітеді болдырғанға нұрдан желік,
Не керек әйелге тым бұлғаң көрік.
Соқтығар жұлдыз екеш жұлдыздар да,
Қара тас қаланса отқа кетеді еріп.
Ақбикеш үш адамды есіне алды,
Жаздың таңын, тал түсін, кешін алды.
Сүйгеннің, сүймегеннің көбі жалған,
Амалсыз, әттеген-ай, несіне алды?
Түйдіріп шүберекке шыбын жанын,
Шарпыды қызды қашан қызыл жалын?!
Теңіңнің терезесі қиюланса,
Шағады шаян болып қалың малың.
Өкініш өз сапарын тұрды таппай,
Атар таң салып үрей, ұрды жаттай.
Жұлқынып ұйқылы үйден шықты Бикеш,
Хатерден қашқан аңдай інде жатпай.
Маңқ етті ерінгеннен кәрі төбет,
Сақтыққа таптырмайтын дәрі төбет.
Барлаусыз түз қойнына кірді сұлу,
Түнекке әрі сүңгіп, әрі көлбеп.
Жүгірді бара-бара асыққаннан,
Қорқып ол бүкіл ғалам ғашық таңнан.
Дүрсілдеп көкіректе соқты жүрек,
Жаңылып тынысынан машықтанған.
Жетті-ау қыз жылқы жатқан көл шетіне,
Сиынып, неде болса, төл бетіне.
Сырғасын саңылақ үзген сидам құрақ
Қарсы алды жібек желгс тербетіле.
V
Өкініш, уанышын өткен шақтың,
Тұлданған өртеп даты махаббаттың;
Қарайған жылқышының үмітіне,
Ақбикеш, неге қызыл шырақ жақтың?
Шошыды жеті түнде Өтемұрат,
Аңыздай аңғалдыққа тете Мұрат.
Шымырлап тұла бойы кетті, кенет,
Аюдай білді сабыр ете бірақ.
Ақбикеш баяғыша «Аға!» деді,
«Мен жең болсам, сен бейне жаға» деді.
«Ұстап бер Ақтабанды желдей жүйрік,
Кетеміп тастап саған тамам елді.
«Түңілдім жас өмірдің баршасынан,
Үкілі қамысы мен аршасынан.
Айналам ертегінің диюына,
Тірі жан сипамастай жар шашынан».
«Күбідей сары жұртта қалған қаңсып,
Жақсыға көз жетпейтін жалған таңсық.
Қарамды батырайын медиенге,
Өлімін көрсетпейді арлан қаншық».
Дерттіге өш келеді жау жаманы,
Жылқышы қыз сорлыны қаужамады.
Мұңдықтың селкілдеген емін таппай,
Қарынан аймалады, саумалады.
Жылқышы Ақбикешті «Сәулем!» деді,
«Сыймайтын маңдайыма дәурен!» деді.
Пида боп бойжеткенді қырық айналып,
Бұқадай сона шыққан сәуреңдеді.
Ақбикеш атты ұстауға асықтырды,
Жылқышы нағашыдай сасып тұрды.
Жүрекке қаны шапқан ашулы ару
Пысымен жұмсады ақыр ғашық құлды.
Тың тыңдап тұрғанында мойнын бұрып,
Тарпаңға бозғылт түнде тиді құрық.
Ақтабан шамданғандай түсті орытқып,
Тоқтады темір қолдан әлі құрып.
Жылқышы деді: «Тула, жануарым,
Серігің енді сенің – сары уайым.
Айрылсаң үйіріңнен аққуға үқсап,
Тұтылар жыртық бұлттан жарым айың!:
Көзіне жылқышының толды қаны,
Еріген қорғасыпдай болды жаны.
Жүйрікті тете тснтек ұстағанша,
Арқаның қылаң берді оңды таңы.
Білмеді не болғанын екеуі де,
Ұйтқытып тартты елдің шетеуіне.
Туған жұрт қызығының тастап бәрін,
Кетті алып екі көлік екеуіне.
Таң да атты жолаушыга таңырқамай,
Сынатпай толқып нұрга толды маңай.
Екі атты күнге қарай қатар шауып,
Самғады қыстан қашқан қоңыр қаздай.
Тұяқтан құйқалы саз бүлкілдеді,
Бетіне шығып суы кілкілдеді.
Белгілі барар жерін білмесе де,
Коңырдан құтылғанша іркілмеді.
VI
Арылмас жазғы ауылға ұйқы жолдас,
Ұйқысыз керенаудың сиқы болмас.
Шашқанда сәскеде кұн ыстық нұрын,
Ортада өңшең шонжар құрды малдас.
Шай ішіп біліктілер үлгірмеді,
Бір жігіт ішке кіріп міңгірледі.
Тұрды атып Кескентерек түсі қашып,
Ұзамай күйеу келіп діңгірледі.
«– Қуыспан қаншығыңды қашқан құлға,
Терісін өзің іріп, насқа бұлда.
Шешеңнің шылбыр есіп ақ шашынан,
Қырықтық сауысқаннан сақ Бикешті!!» –
Күллі ауыл үрпиісті балапандай,
Қағылды іші өртенген қара таңдай.
Жаһанның жамауындай жарты құрау –
Ойран боп жатты ойпаңда алақандай.
Күн сиқыр мазақ қылып күлімдеді,
«Тойыңның келді сәні бүгін!» деді.
Сәулесі шашу шашып босағадан,
Сұлудың сырғасындай дірілдеді.
Салғандай Бикешті өзі алыстатып,
Шымшыды бетін жорта қалыс қатын.
Теректің күдері ұзап бара жатты,
Өзіне қарсы шауып намыс жақын.
Жиналды төмпешікке ақсақалдар,
Әдетке айнымайтын жақ сақалдар.
Сурылып, тастап қамшы сөйледі әркім,
Болды би қай-қайдағы қақсап хандар.
Мақалды мал қылғандар ірі шешен,
Қазақтың бірі малай, бірі көсем.
Тірілтер ежелгіден түйе дауын,
Даукеспе байғазыға мірі берсең.
Не керек, айтып-айтып бәтуасын,
Батамен қанды аңсаған тақуасын.
Бейішті мұмылманға бөліп берген,
Сөзінің індеті бар ақуасын.
Әйтеуір «Алла-акпарлап» бет сипасты,
Бір жігіт үйге қарай еңіреп қашты.
Үнінен дұғағойдың басы айналып,
Кескен теректі сәскеде қарабасты.
Шешесі күнге қарап жайды шашын,
Қарғады күллі еркектің бәтуасын.
Көнерген қоңыр үні тарғылданып,
Көзінің сораланған төкті жасын.
– Құлыным, сергелдеңе серік бол! – деп,
Мойнвн салып шылбыр жылады еңіреп.
Аспанда қарға-құзғын ұшты шулап,
«Шылбырға кеңрдектен ерік бер!» деп.
Алыстан арбаған үн ызыңдады,
Теректің қарайды асау қызыл қаны.
Ауылдың қапасынан шықты мөңкіп,
Бұқадай шығатұғын бұзып жарды.
Орғыта көп ауылдың шетіменен,
Жүгірді ол жылқысына сетінеген.
Қуғыштап жеткен жандар шошынды тым,
Батырдың түрпетінен екіленген.
Қүрақтай орылмаған сүйрік кілкі,
Ұсталды көл басынан жүйрік жылқы.
Найзалы, сойылдылар шықты жортып,
Сәнді ауыл болды ілезде миқы-сиқы.
Қанжыға түлкі орнына байлап торсық,
Жұмырда түйіртпектелді саумал шоршып.
Дорбаға қүндақталды өкпе-бауыр
Кетпейтін көбең еттей күнге боршып.
Жүгірді мініп қурай жас балалар,
Аралас ауру, сауы мас балалар.
Қызықпен келмеді үйге түс қайтқанша,
Шешелер шақырса да асқа даяр.
VII
Шалғайлап бара жатты қыз бен жігіт,
Жалтақтап артқа, алға көзін тігіп.
Сорғалап сары түзде сары сапар,
Бастады көз жетпестей ілгері үміт.
Ақбикеш желдіаяқта дөп жарысқан,
Сабау қол тізгінді илеп көп қарысқан.
Балағы шалбарының ай мүйізді
Көздердің жұлдызына болған дұшпан.
Шобырмен шабушыны ол табалаған,
Құтқармай қуып жетіп сабалағаи.
Жорықтың шырайындай үкіліні
Қастерлеп қалың жігіт қамалаган.
Кім білген қыздың шолжаң ынты-зарын,
Басына босарлықтай күн туарын?
Шұбардың ұшығынан шошып тотай,
Сәбидей қашты түзге есі жарым.
Шағылып шұғлалы жарқын нұрға,
Құлақта қақты діріл алтын сырға.
Өкпесін Ақтабанның тепкіледі,
Шаншылып ақ сүмбідей сұлу тұлға.
Тізгіні аттың түсте селкеуленді,
Қоңыр жел болып демеу кеукеуледі.
Қара бас қүйын ойнап кейде алдынан,
Етегін ақ көйлектің жел кеуледі.
«Үміт бар, қам жеме, – деп, – алдымызда»,
Жылқышы бар сусынды таңды қызға.
Түтігіп нәр татпастан жорта берді,
Ұқсап бір жаңбыр күткен шаңды құзға!
VIII
Көз тұтар көкжиектің мейірі қатты,
Кенже де, ортаншы да, кәрі де әккі.
Бес атты бес саусақтай өре шыққан
Қашқынның кешіп түзден ізін тапты.
Жығылғыр Ақтабанның ізі ордай,
Артына кеткен тастап өшпес сордай.
Шөп салып қуғыншылар таңбалады,
Тұлпардың тұяғының мөрін қорлай.
Даңғойлар қиқулады қызық іздеп,
Тақырдан тайтұяқтай сызық іздеп.
Сағынды барған сайын кейінгі елді,
Тырнадай тырулаған тізбек-тізбек.
Кей кезде тоқтады олар кеңесуге,
Саңылақтың шабанымен теңесуге.
Басқа сөз құрып қалған «жаудан» басқа,
Асықты өлерменмен егесуге.
Қаратау көпті көрген шалғайдағы,
Кәусары – табиғаттың бал қаймағы.
Қаралы қара шаңырақ бейнесінде
Босқынның басын қосқан қай-қайдағы.
Созылып күншығыстан құбылаға,
Жатты тау сан толқынның сырын ала.
Қайтарды ол хас батырша бетін жаудың,
Келсе де көп найзамен қырына ала.
Шоқтығы Мыңжылқы деп аталады,
Талай жау Мыңжылқыдан хат алады.
Қобыздың кеудесіндей қойнауында
Жел жоқтар шейіт болған аталарды.
Ақсүмбе – сіңлісіндей сүмбіленген,
Сыр мен Қыр шың басынан дүрбіленген.
Жол түсіп, дәм-тұз айдап бара қалсаң,
Сұлу ол әлемдегі күллі өлеңнен!
Қоңырдан ит өлген жер – сол Ақсүмбе,
Келмейді жаз жайлаудай қонақ күнде.
Тарихтың тілсіз соққан күмбезіндей,
Таптырмас кей нақышын тап бұл күнде.
Арқадан соққан желдің аңқылына,
Ықтырма болған Сүмбе жалқылы да!
Қашқындар үдерумен үміт артып,
Бір күні тығылды кеп алқымына.
Ол кезде Сүмбі алқымы жыныс орман,
Бұғыға бота тірсек қоныс-қорған.
Болдырған екі жүйрік жайылды еркін
Қырылдап көкірегі құныс болған.
Ақбикеш, Өтемұрат ну қасында,
Тынықты емін-еркін су басында.
Шалғайда қыбырлаған малды көрді,
Сүмбінің шығып жігіт шың басына.
Ақсүмбе: «Қарауылың менмін!» деді,
«Шетіне елдің момын еидің!» деді.
Баурайда құлпырды гүл кілемге ұқсап,
Қызғалдақ – шашағындай желбіреді.
Медеу ғып бейбіт жатқан елді жырақ,
Қарық боп қуанышқа келді Мұрат.
«Бұйырса қалыс елден татамыз дәм,
Жамырап сам, тұтанғанда түзде шырак».
Сырғасын көп ұзамай Бикеш жоқтап,
Шалғынға соға берді айналсоқтап.
Тілламен ұшты болған ісі болмай,
Орманда жүре берді екі ат оттап.
Баладай бейне ойнаған жасырынбақ,
Іздеді қыз бен жігіт ақырындап.
Сұрады Өтемұрат күдер үзіп:
– Ауылда алған жоқ па қатын ұрлап?
Дегендей құл күдіктен көңіл қалсын,
Кекжиітті тұлпардай қыз жеңіл басын.
Селтеңдеп он екіде сән түзеген,
Өткізді көз алдынан өмір жасын.
– Жеңгенің өкінбес ем алысынан,
Өткенде бар-ды Шудың қамысынан.
Борықтай балаң шақтың нәшін жоқтап,
Мұңайды бойжеткен қыз сағы сынған.
Жұбатты Өтемұрат: «Оқа емес!» деп,
«Жоғалған сағынышты бота емес!» деп.
«Бақсыға елес берсін, сары қайық,
Шайқаған сахарада алтын кескек!».
– Асамыз осы арадан шаһарға біз,
Шаһарда ілінбейміз қаһарға біз.
Сылқымның сіңлісіндей қалсын сырған,
Мыстандай опасыз боп батарға түз!» –
Басталды осылайша тауда кеңес,
Ұғысар жанның сөзі саудалы емес.
Білмеді махаббаттың босқындары
Қуарын ғұмыр бойы жаудағы егес.
Екі жас жатты орайға аунап-қунап,
Көк кілем түгі түсіп болды тулақ.
Қызықтап адамзаттың мөлдек тойын,
Аспанда жүрді ұшып құстар шулап.
Қасында сүйген жардың жалғызсырап,
Ақбикеш әлде неден жылады ұзақ.
Сынаптай үзіп-үзіп жұтты жасын
Сұлудан болған дертті жынды Мұрат!
Х
Тұрмыстың өзі қысқа, салты ұзын,
Қазақтың қанмен тарқар анты құрсын.
Асқанда Ақсүмбеден күннің көзі,
Құлаққа жетті алыстан сартылды ызың.
Екеудің батар күндей түсі қашып,
Ер салды аттарыңа асып-сасып.
Баянсыз сиқыр бұлақ етті мазақ,
Қаштың деп болмай жатып мауқың басып.
Арайға көріп найза қақтағанды,
Жігітке берді Бикеш Ақтабанды.
Арланы ұрғашының айға атылар,
Қалады салт парызын сақтағанды.
Екеуі өр асуға тартты тура,
Сілкініп, меңіреу орман батты шуға.
Әңгірлеп әңгүдіктер салды сүргін,
Құтырған көбік ауыз бейне бура.
Тоқ жылқы ерге салсаң өгіздей-ақ,
Шаба алмас қосақталған егіздей-ақ.
Жығылғыр екі жүйрік барлықты тез,
Дұспанға: «Түс көліктен!» дегізбей-ақ.
Екеудің арты ор да, алды кетік,
Өкпе өшкен сүбди аттар қалды жетіп.
Бикешті алып қашқан жылқышыны
Сойылмен кетті біреу салып өтіп.
Құтырып қуғыншылар бұзық қылық,
Семесті найза, әуеге сызық құрып.
«Жездені» қарақұстан түйремек боп,
Біреуі өтті қапыл құрықты ұрып.
Қос қашқын беттен танып, ылдилады,
Сөгіліп дұйым жаудан құлдилады.
Қиғаштың қиясынан баспалаған
Сұм Терек тосты алдынан «миғұланы».
Қапталдап жігіт пен қыз шарасыздан,
Құлады тапырақтатып қара құздан.
Қосылды ұрымталдан батыр Терек,
Жүрегі кекке толған жарасыздан.
Жетті ол малғұнға егіз қатарласқан,
Сілтеді көк найзасын аран ашқан.
Мұраттың тиді ерінің қапталына,
Қалтырап қара қолы қарабасқан!
Қайрылып Өтемұрат ұрыс салды,
Сүмбенің баурайында бұрыс салды.
– Дат! – деді сорлы Ақбикеш шырыл қағып,
Көз жаспен жібітердей құрысқанды.
Ағасы улы ашуда «Талақ!» деді,
«Сүтіңнен сапырамын шалап!» деді.
Ақбикеш «Адыра!» деп ашты төсін
Ағасы көк найзамен сабап берді.
Жынданып, жұлып алып өз жағасын,
Ақбикеш тор қамшымен салды ағасын.
Теректің шып-шып шықты бетіне қан,
«Ой бауырым» алды қоршап айналасын.
Батырдың басы айналып, талды естен,
Қарыштап найзаны ұшкір салды төстен.
Толықсып батар таңдай тұрды Бикеш,
Тіл қатып серігіне ерттей өшкен.
– Хош бол, хош! Бас қамыңды сақта, жаным,
Тілегін Бикешіңнің ақта, жаным!
«Ол дүние» деген егер рас болса,
Шұрқырап көрісерміз хақта, жаным!
– Бұрын-соң болса өкпең, жалынам кеш!
Жалданып кетпесін тек арыған өш!
Басыма қайта оралып қой бір көктас,
Таудан бұл өтер талай налыған көш! –
Ақбикеш ат үстінен қатты құлап,
Жаралы жас қайыңдай жатты сұлап.
Мұраттан өш алмаққа шабынды жау,
Кетпеді қырсық жігіт қыздан жырақ.
Бес адам қаумалады ауық-ауық,
Бикешті ол үш айналды, қаша шауып,
– Болса да қырық жыл қырғын сендікпін! – деп,
Бөктерлеп белгісінс кетті ауып.
Артынан қаралы жау қиқулады,
Теректің үні бітіп, шиқылдады.
«Жүйрік ат өзіңе жау» деген осы,
Ақтабан қара үзгенше ыңқылдады.
Айналып келді ағалар қарындасқа,
Өмірлік өкініштен арылмасқа.
Ыңырсып қара таста жатты Ақбикеш,
Бөкендей көзі толып тарғыл жасқа.
Құйылған ыстық қан боп қара тасқа,
Жүректің арманы жат қарындаста!
Ішінде опасыздың тұтанса өрт,
Не шара жанар тауға жарылмасқа?!
... Мейірімге иілді аға жөні болып,
Қараймай, жуған бөздей еңі солып.
Ағаға қарындасы шақпады арыз,
Тәкаппар махаббаттың теңі толық!
Дүниеде өмір, өлім – телі нәрсе,
Тұрақты нәрсе емес қой тегі нәрсе.
Бенде жоқ бұл жалғанда бауры бұтін,
Қаратау баурайында әсіресе!
Төсіне күмбез орнар таудың нсге,
Қоңырдан, қарындасым, аудың неге?
Көзінше шешесінің шырылдатпай,
Адыра қалды, шалдар, қаулың иеде?!
Жазмыштың шарасына ой тұнарда,
Қиғаш қас жатты-ау ұқсап бой тұмарға!
Естіді-ау аманатын аз-ақ адам,
Күнәлі дүниеге көз жүмарда.
«Тәнімді апармаңдар қайран елге,
Түн шыққан ояңға көк қайран желге.
Таудың бұл арқалығы болсын бесік,
Адасқап үйірінен тарпаң төлге,
Қарайын Сары Арқаның сауырына,
Қоңырдай берекелі бауырына.
Жапырақша сар сырғамды желпілдетіп,
Қаңбақты қуған қара дауылына.
Ылдилап Ақсүмбеден аққан бұлақ,
Жеткізер назымды елге жатқан жырақ.
Шешемнен басқаларың жаудыр қарғыс,
Қаймығу күтпе бірің жаттап, бірақ!
Анама дұғай сәлем, сағынбасын,
Өксітіп онсыз да өксік жарым жасын!
Ішінде аш қасқырдың қалған бота,
Білсін ол қанша іздесең табылмасын!
Перзенттің талабынан дейін қысқа,
Үзілер кейі жазда, кейі қыста.
Қызғалдақ жазға жетпей қиылды оқыс,
Өзгеге ащы тағдыр болсын нұсқа!» –
Ақбикеш ақтық рет күшін жиып,
Тұнжырап шомды түзге, сүттей ұйып.
Аяғын ақмаралдай бір-ақ серіпті,
Қанжардай қалып қойды көзде қиық!
Жоғалған құр құнанның тайшығы ірі,
Жылады ағалардың қайсы бірі.
Ұзамай ақылдасты тұтып сабыр,
Сарапта – қанды сәттің айшылығы.
Қара бұлт қандым тартып кешке қарай,
Тау төсін жуды түгел қызыл арай.
«Жарықта қайтайық!» деп шұқыды жер,
Құзғынша қызға үймелеп өңшең малай.
Асығыс Ақсүмбеге қызды қойды,
Төсінен тәбәрікке сыздық ойды.
Емшегін ала кетті тұл күйеуге,
Қайтадан табысарлық аңсап тойды...
Э П И Л О Г
Қырындап өтті қырық жыл Ақбикешке,
Жаһанда жұбайы жоқ тақ Бикешке!
Оралды қырық жылдан соң сорлы Мұрат,
Қаңғырып баяғыда кеткен шетке.
Қазақтың өлмейді оңай кегі мыстан.
Мұратты шалдар барда тегі қысқан.
Мінуге тәуекелдің қайығына,
Дәулеттің құрып қалғыр кемі дұспан!
Жылудың зәуіріне зайыршы көп,
Қалада ол жайды бөркін қайыршы боп.
Ақыры, шебер әкеп салды күмбез,
Есігін шапты өзі қайыңшы боп.
Нақыштап көк темірге күміс шапқан,
Жамбыдан маңдайшаға белгі қаққан.
Құйылды ескерткішке шұбар дәулет,
Қырық жылдай махаббаттың құлы тапқан!
Сарып қып қалған пұлын той тарқарға,
Сүйеніп қалды Мұрат бейне арқарға.
Жігіттей өртенді іші бурыл шалдың,
Махаббат қартаймайды жүрек барда!
Жүрді ол қу күмбезді айналшықтап,
Түн сайын есігіндс шықты ұйықтап.
Қарлығаш шың басына ұя салды,
Жүрді шал жас ұяны қори сырттап.
Бір күндер қайтпақ болды қаласына,
Көңілдің ем табылған наласына.
Белгісіз, уа, дариға, қайта алмады,
Не дауа махаббаттың шарасына!
Сырғасын Ақбикештің есіне алды,
Білмеймін, қырық жылдан соң несіне алды?
«Тәуекел, іздеймін, – деп – құла дүзден!» –
Таяққа бір сәмбіні кесіп алды.
«Көрейін, Ақбикештің ізін» деді,
«Баяғы жортып өткен түзін» деді.
Елестеп сынық айдай алтын сырға,
Сырғадан Ақбикештің жүзін көрді.
Үзілсе тыныс, күдер үзілмеді,
Жаз өтіп, игі үміттің күзін көрді.
Кей жұртты тіміскілеп бұралқы иттей,
Тот басқан етікшінің бізін көрді.
Кәрі ойран – айбалтаның өзін көрді,
Заманның жаугершілік кезін көрді.
Табылмай қайда барса қайран сырға,
Безгектей дәрі күткен безілдеді.
Барды ол кешіп күндер Шуға шейін,
Қамысы шуылдаған нуға шейін.
Таба алмай аруының сар сырғасын,
Қаңғырып Ақсүмбеге қайтты кейін.
Шаш өскен, сақал өскен, алба-жұлба,
Бектерде құрды сайран шайқы тұлға.
Уатты жастық шаққа куә болған,
Әлдилі ызыңы бар сұлу жылға.
***
Мәңгілік қарындастан айналайын,
Барайын, ақ күмбезін аймалайын;
Шыбығын сағыныштың шаншиын мен,
Бітіріп аспандағы айға қайың!
Сүмбеге шыға алмаушы ем көлік болмай,
Жаяуға бүгінгідей желік болмай.
Етекте Ақбикештің назын жоқтап,
Шырылдап шырқаушы еді-ау серік торғай!
Бүлбұлым, сайрай берші өз үніңмен,
Бірде алтын, бірде күміс, жез үніңмен.
Жасарған махаббаттан қайран көңіл,
Дәмелі Ақбикешке кезігуден.
Жұмбақтың шешуіне жастан жерік,
Ақынға қайда жүрсе дастан серік.
Халқымның қазынасын қай-қайдағы,
Бұйырған несібедей алдым теріп.
Қолқа сап қарындастан қаламастан,
Көкейге құйылған күй бала жастан.
Толассыз аңқылдады бейне тұлпар –
Қара үзіп кеткен күннен қара дастан!