20.04.2022
  232


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕКІ АС – ЕКІ КӨРІНІС

Сағынайдың асында –
Қабырғасын қайыстырып құба белдің,
Мерт болғаны бұл қалай Құлагердің?
Абылайдың асында –
Серіктің Қарақұсы озып келіп,
Абыройын асырды туған елдің.
Бұл – неліктен?
Себебін кім біледі,
Қара тобыр не біліп дүрлігеді.
Аламанда аты өлген қайғы жұтып,
Аты озғанның көзінде күн күледі.
Сағынайдың асы –
Қайғысы еді замананың,
Абылайдың асы –
Қуанышы сардаланың.
Жүзің жарқын болмайды бұл өмірде,
Нұры түспей жүзіңе самаланың.





Пікір жазу