20.04.2022
  143


Автор: Рафаэль Ниязбек

СЕНДЕЙ ЕРДІҢ АРҚАСЫ

Адал еміп ақ сүтін арлы ананың,
Сардары боп жетілдің сардаланың.
Ел мұратын сатпадың қай кезде де,
Күйін кешкен жаралы шағаланың.
 Жаратылған жылдардың дауылынан,
Жүйрік қанша жараған бауырынан.
Көкжал бөрі секілді қазақ кейде,
Жортып жүрген қан саулап сауырынан.
Сол елді ойлап қамығып, қайғырмаған,
Кемені өрге тарта ма қайырлаған.
Азамат деп білемін Серік, сені,
Алланың ақ жолынан айнымаған.
Ауа райы құбылып, суытқалы,
Ар, ұятты қанша жыл ұмытқалы.
Азамат ер жететін көктем болып,
Туған елдің жүрегін жылытқалы.
Күннен-күнге айналып тұлғалы ерге,
Естің талай самал боп құба белге.
Жанарымда менің де нұр жанатын,
Сәулең сенің түскенде туған елге.
Азамат ер жүрсе егер нұр таратып,
Елі жапа шеге ме мұңға батып.
Серік мырза!
Табаның тиген жердің
Бәрі түгел көктейтін жұпар атып.
Бұлт ішінде тұншыққан талай қалып,
Таңым неге атпасын арайланып.
Сендей ердің арқасы
Туған елдің
Жүрсе егерде үстінде бақ айналып.





Пікір жазу