20.04.2022
  296


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҚЫЗДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ

Қыздың темір төсекке таңылғаны –
Жорға өмірдің жолынан жаңылғаны.
 Сәуле түспей жаралы жүрегіне,
Жігерінің бұл қалай шағылғаны.
Өзін толқын күйреткен кеме көріп,
Жатыр темір төсекте шегеленіп.
Сал боп жатып қалар деп кім ойлаған
Жығылғанда үйіне жете беріп.
Қарт әжесі өсірген жетім еді,
Қарғыс айтып тағдырға тебінеді.
Көмек қолын созатын кісі жоқ та,
Қыздың қалай арманы жетіледі.
Қара тобыр бұл жайлы не біледі,
Жетісудың жеті өзені егіледі.
Көп әкімдер, өйткені, телефонын
Көтеріп тыңдауға да ерінеді.
Бірақ бәрі аузымен от өреді,
Қысыр сөзбен жұртты алдап жөнеледі.
Телефон көтеруге жарамаған
Әкім қалай ел рухын көтереді.
Пір тұтатын заманда естіні елде,
Кімге дәрі ызғарлы сесті пенде.
Серік мырза үйіне жетіп барған
Қыздың зарлы дауысын естігенде.
Жұртты жолға салатын бүлікке ерген,
Азамат ер қайда бар іріктелген.
Қыз егіліп жылады-ай,
Есік ашып,
Кім екенін білгенде кіріп келген.
Ұлтқа тұтқа өр ұлдар ержеткелі,
Өркен жайып, көркейген келбетті елі.
 Серік келген болатын
Кемтар қызды
Германияға жіберіп емдеткелі.
Гүлін ерте солдырған күзден жеріп,
Қамыққанда қайғы уын ішкен көніп.
Қыздың мұңлы көзінен көктем күлген
Көңілінің көк мұзы түскенде еріп.





Пікір жазу