
ТОЗБАЙ БІРАҚ ТҰРА МА
Дүниені қойыртпақ ботқа көрген,
Жұғымсызды жан бар ма сотқа берген.
Қол бастаған сардарын тыңдамаған
Қай сарбаз да қаңғыған оқтан өлген.
Кесек атып үйренген өзеніне,
Қызғаныштың құрт түскен өзегіне.
Қарсы шыққан бірақ та ел оңбайды,
Көшін түзу бастаған көсеміне.
Бағын тойлап сайлауда жеңген ердің,
Бәрі қазан көтерген жеңгелердің.
Арайланып алдынан ақ күн туған
Көсеміне қалтқысыз сенген елдің.
Сонау жылы жүгі ауып мұңға батқан
Ауылдар да көңілді қырда жатқан.
Жер бетінде тартылған өзен бар ма,
Бір арнаның бойымен тулап аққан.
Көктемге енді жеткенде күзді өткеріп,
Қабағыңа сұстан ба мұз бөктеріп.
Жылы жақты бетке алып салқын түсе,
Тырналар да ұшпай ма тізбектеліп.
Бәрі азамат мұратқа жеткен ердің,
Топырағын баспапты текке жердің.
Тозбай бірақ тұра ма,
Көсеміне
Сенім артпай бетімен кеткен елдің.