20.04.2022
  88


Автор: Рафаэль Ниязбек

АЛАТАУДЫ САҒЫНҒАНДА

Тартқан желің қашанда жүйелі еді,
Елің Сізге сондықтан сүйенеді.
Астанада жүрсең де ел басқарып,
Алатауың түсіңе жиі енеді.
Тіршілікте күн кешкен шұғылалы,
Туған елдің биікте тұғыры әлі.
Алатаудың әр шыңы көк тіреген
Жеке-жеке батырдай дулығалы.
Аңсағаным: арқаның өңірі еді,
Сағыныштың көз жасы төгіледі.
Алатаудың шыңынан қарағанда
Астананың төбесі көрінеді.
Елің қалай Сіз барда тұншығады,
Дүние-әлем қайткенде тыншығады.
 Самарқанның жібітіп көк тасын да
Көңіліңнің көзінен күн шығады.
Туың талай биікте желбіреді,
Қашан сенің орманың селдіреді.
Қайда сапар шексең де қолдап жүрген
Алатауың екенін ел біледі.
Алатауың қастерлі, киелі еді,
Сондықтан да түсіңе жиі енеді.
Сұлулықтан жаралған қазақ жұртын
Сізден асып қай сойқан күйеледі.
Заман әділ жолынан жаңылғанда,
Серттен таймай сынадың бағыңды алда.
Сарыарқаға көшірдің Астананы
Қилы уақыт құтырып қағынғанда.
Алматыға келесің ұшып ылғи
Алатауды сарғайып сағынғанда.





Пікір жазу