20.04.2022
  577


Автор: Отан қорғаушылар күні

Мен болашақ Отан қорғаушымын (елін сүйер мекеп оқушысының атынан)


  1. Мен болашақ Отан қорғаушымын. Мен елімді сүйемін, өз жерімді сүйемін. Елім барда, жерім барда мен өте бақытты жанмын. Әлеуметтік желі болсын, телеарналардан болсын көріп жүрміз ғой, талай босқындар босып жүргенін, өз отанына, өз туған жеріне сыймай бас амандығын ойлап елінен безіп, жерінен безіп қашып жатқанын. Осы тұрғыдан алғанда қазақ елінде өмір сүріп жатқан біздер өте бақыттымыз. Өйткені, біздерге қамқор президентіміз бар елімізді ойлайтын, жерміздің тыныштығы үшін күндіз-түні еңбек етіп жүрген. Президентіміздің арқасында, осындай бейбіт күнде өмір сүріп жатқанымыз. Біз бұған қуануымыз керек деймін. Президентпен бірге болып, оның әрбір істерін қолдап, және еліміздің тынышын сақтау әрбір Қазақстан азаматының міндеті деп білем.
    Ия, мен болашақ Отан қорғаушымын. Ел тынышын сақтауда, ел үмітін ақтауда аянбай қызмет етемін. Өйткені мен Қазақстан елім барда бармын, кең байтақ жерім барда баймын. Барлығым да, байлығым да Отаным Қазақстан аман болсын! Ел үшін қызмет қып жүрген Отан қорғаушы ағалар аман болсын!
    Барша қазақ елін, Атырау, Алтай арасын қамтитын қазағымның кең байтақ жері жандана берсін! Бүгінгі Отан қорғаушылар күні құтты болып, елін сүйер, жерін сүйер азаматтар көбейе берсін! Мерекеден мерекеге амандықта, саулықта жете берейік!
    Алға қойған мақсатым көп, жолым айқын. Мен Отан қорғаушы боламын! Отан қорғаушы ағалар, күтіңіздер, мен сіздерге қосыламын! Елім үшін, жерім үшін сіздер сияқты аянбай қызмет етемін! Отаным Қазақстаным жасай берсін! Бейбіт күннің ұландары, бейбіт күннің қырандары болып жүре берейік!

    Жібек Искакова




Пікір жазу