20.04.2022
  303


Автор: Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушы күні бұл

Көктем мезгілінің соңғы мамыр айы жалпы атаулы күн, мерекеге толы ай. Бұл айдың алғашқы күні, яғни 1 мамыр «Бірлік күні» болса, 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күні болып табылады. Дәл осы күні, яғни 7 мамыр — ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні. Аталмыш күні, яғни 1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Атаулы күннің ерекшеліктері өте көп, бұл күні Қазақстанда мерекелік демалыс күні ретінде саналып, демалыс беріледі. Мереке қарсаңында кезекті әскери шендер беру туралы жарлық шығып, ерекші көзге түскен әскери қызметкерлер марапатталады.
Елі үшін қызмет етіп, түн ұйқысын төрт бөлетін Отан қорғаушылардың қызметтері расында да өте жауапкершілігі көп жұмыс. Өйткені ел тынышы, жер тынышын қадағалау сол Отан қорғаушы азаматтардың қолында. Олар қызметте кезінде оларға ұйықтауға болмайды, ел тынышын сақтау оңай емес. Олардың жұмысы өте ауыр және аса ұқыптылықты талап ететін іс. Сондықтан мен оларға басымды ие отырып шын жүректен алғыс айтқым келеді. Сіздер аман болыңыздар Отан қорғаушылар, сіздер барда еліміз тыныш, жеріміз тыныш болары сөзсіз.
Айрандай ұйып отырған еліміздің қаймағы бұзылмай, әр күн сайын сыйластық пен қуаныш жалғасын таба берсін. Ел тынышын сақтауда үлкен қызмет атқаратын Отан қорғаушылар аман болсын. Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазағымның көк туы құламасын, Қазақ елі тамырын тереңге жайып, гүлдене берсін. Мерекеден мерекеге жете берейік!

Жібек Искакова





Пікір жазу