20.04.2022
  276


Автор: Рафаэль Ниязбек

КӨРГЕНДІ ЕЛДЕР

Буырқанған өзендейін көктемде,
Небір қилы асулардан өткенде,
 Көргенді елдер мінбеген
Ат ауыстырып өткелде.
Бір сұмдықтың болатынын сезем де,
Аруақтанып атқа қонам тез елде.
Көргенді елдер алмастырмаған басшысын
Өтпелі қилы кезеңде…





Пікір жазу