20.04.2022
  138


Автор: Рафаэль Ниязбек

ПРЕЗИДЕНТТІ ПІР ТҰТЫП ТАНЫҒАНЫ


Қара тобыр шұбырып қарыны ашқан,
Кезең еді қазақтың бағы қашқан.
Көшін бастап Нұр-ағам жөнелген-ді
Алты Алаштан айбыны, ақылы асқан.
Асу-асу белдерден дара асқанда,
Жанған еді жұлдыз боп бағы аспанда.
Нұрлы жолға Нұр-ағам салған еді,
Қалың жұрты жол таппай адасқанда.
Көздерінен алаулап от өріліп,
Асу-асу бел асқан төте жүріп,
Күнге қарай жол тартқан көш түзеліп,
Келеді елдің еңсесі көтеріліп.
Жұрт болғасын кезінде арай күлген,
Досқа достық көңілмен қарай білген.
 Қайран қазақ адасып өз жолынан
Кәпірлердің жолымен қалай жүрген.
Қамшы үйіріп басына орыс күнде,
Өлген арыс аз емес өр пішінде.
Қанды жолмен жүргесін көшін түзеп,
Көп қырылған бұл қазақ жол үстінде.
Қарау қоғам қазақты кие көріп,
Сыйламады қастерлі жүйеге еніп.
Саясаттың қолымен шетке ысырып,
Кетпек болған даласын иеленіп.
Тулатқанда намысын жат басынып,
Қазақ рухы қонған-ды атқа ашынып.
Тәуелсіздіктің тағдырлы таңы атқан-ды,
Момын жұрттың есігі баққа ашылып.
Айбар сұсын тұрғанда тауға асырып,
Ата қазақ үйренген жау қашырып.
Жауға асығып аттанған күн туғанда,
Көрген емес бірақ та дауға асығып.
Суықтардың жүрегін қарығаны,
Жол үстіне жігерін жанығаны.
Таныса егер күллі әлем қазақ елін
Президентін пір тұтып танығаны.





Пікір жазу