20.04.2022
  117


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕМЕННІҢ ИІР БҰТАҒЫ

Қарсылас жандар көп деме,
Кез емес үміт үзетін.
Айдынға шыққан көк кеме
Дауылға қарсы жүзетін.
Қарсыластарын көргенде
Ер біткен іштей жанылған,–
Көгінен қатер төнгенде
Қасынан елдің табылған.
Жоқшылықтың қиып желкесін,
Туыңды ұстап жоғары,–
Көтерсең де елдің еңсесін
Қарсыластарың көп әлі.
 Жақсылықты, сірә, білген бе ер,
Арғымақ мініп көсілген.
Өзіңе қарсы жүргендер,
Жігіттер өзің өсірген.
Заманның көп-ау бұлтаңы
Басыңнан бұлт боп көшетін.
Еменнің иір бұтағы
Өзіне қарсы өсетін.





Пікір жазу