20.04.2022
  153


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛІН ЖАМАНДАҒАН ЖІГІТТЕР


Қашан елге бақ қонып, шыр бітеді,
Билік қуған жан түгел түлкі ме еді.
Сыртқа барып өз елін жамандаған
Жігіттерден жақсылық кім күтеді.
Қазақ деген бірі еді үмітті елдің,
Рухын биік көтерген білікті ердің.
Туған елін жамандап,
Жаттан шуақ
Іздегені бұл қалай жігіттердің?!
Туған елін жамандап, тілдегені –
Анасының қадірін білмегені.
Қай жұртынан кем еді жер бетінің
Қабырғалы қазақтың іргелі елі.
 Өз анасын пір тұтып сыйынбаған,
Жандар аз ба тағдыры қиындаған.
Жаттан бақыт іздеген кім-кімге де,
Туған жерден топырақ бұйырмаған.
Қараса да көгінен күн албырап,
Сатқындықтан боз далам тұр аңырап.
Бақалардың заманы туды ма әлде,
Мерттіккенде құдыққа құлан құлап.
Сала алмаған тағдырын жамбасына,
Уақыттың айналған жаңқасына.
Менсінбеген ағаштар өз орманын
Жаттың барып сап болған балтасына.





Пікір жазу