20.04.2022
  309


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Аты ойқастап тұрса егер қазығында,
Азаматтың бағы артық асылында.
Елбасының маңдайы жазық болған
Үшқоңырдың туғасын жазығында.
Көңілінің күмбірлеп күйі күнде,
Тұрған жоқ па бар салмақ иінінде.
Елбасы ылғи биіктен көрінеді
Үшқоңырдың туғасын биігінде.
Үкі таққан үміті үлбіреген,
Елбасының қадірін кім білмеген.
Үшқоңырдың сыбызғы тартқан желі,
Көкірегінде күй болып күмбірлеген.
Таршылықтың ызғары қарығасын,
Неге елді ойлап азамат арымасын.
Үшқоңырдан Елбасы түлеп ұшқан
Үшқоңырдың киесі дарығасын.
Екі күннің бірінде жат егесіп,
Көрген емес алдынан қатер есіп.
Қателессе оқыстан Елбасы егер
Жол шегеді халқы да қателесіп.
 Сүйегі асыл кісі ғой арға сенер,
Жүрегіне жол тауып жалғаса бер.
Туған елдің жұлдызы қайдан жансын
Елбасының жұлдызы жанбаса егер.





Пікір жазу