20.04.2022
  202


Автор: Рафаэль Ниязбек

ЕЛІН ҚОРҒАЙ БІЛЕДІ

Кімге дәрі сайраған бұлбұлдығым,
Жылап жатса шырылдап бір шындығым.
Сізді қолдап, қорғамай жүрем қалай
Жүрегімде оқталып тұр мылтығым.
Өмірімді келмейді тұмшалағым,
Сынған емес шарт етіп бір шабағым.
Жар астында бұғынған жауды бағып,
Сұр жебесін тартқалы тұр садағым.
Босағамды күзеткен түрегеліп,
Көк найзам да сақадай тұр егеліп,
Күңірене шығатын дұшпан барда
Жер түбінен үйіме күле келіп.
Асау аттың ойнаған құлағында,
Азаматпын көп жүзген жылы ағында.
Жау болса егер жарқ етіп суырылған
Дамылдап тұр қылышым қынабында.
Қара орманның пір тұтқан қарағайын,
Құлақ түрсін сөзіме бар ағайын:
Қап тауының батыры болсам егер,
Сізді неге қорғауға жарамайын.
 Күн ашықта бүркітін торғай бүрген,
Жұртты жұрт деп ойлаймын
оңбай жүрген.
Елін қорғай біледі қай кезде де,
Қиын күнде Елбасын қорғай білген.





Пікір жазу