20.04.2022
  136


Автор: Рафаэль Ниязбек

СЫРҚАТ ҚОҒАМ

Көкірегінен бұрқанып жыр атылған,
Сөз сөйлесем егерде тұлға атынан:
Президент болмаса бұл қоғамды,
Қай күш емдеп жазады сырқатынан.
Бабалары ысқыртып жебе тартқан
Елбасы еді сыр ұққан кемел қарттан.
Қоғам басын көтерген,
Науқасдайын
Сырқатынан айығып келе жатқан.
Құрғыр жүрек сескеніп, шайлыққанда
Қатер төнбей тұра ма қай бұлттан да.
Адамдар ауырмайтын шығар, бәлкім,
Сырқат қоғам дертінен айыққанда.





Пікір жазу