20.04.2022
  98


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТҰРҒАНДА СОҒЫС ӨРТІ ТҰТАНҒАЛЫ


Сенімін семсер етіп белге асынып,
Елбасы жетпеді қай елге асығып.
Бармасын қандай елге,
Міне қызық,
Сол елде тынышталған жел басылып.
 Анасы туа салған тауға асылып,
Ер қайда аттанатын жауға асығып.
Елбасы ұшып барған қай елдің де,
Аспаны қайта ашылған дау басылып.
Сол жолда қанша үміті үсімеді,
Елбасы еленбейтін кісі ме еді.
Күмбірлеп көкірегі күй тартқанда,
Неге айғыр тақымында кісінеді?!
Көзінен ер емес пе оты өрілген,
Барса да қандай елге – төте жүрген.
Мінбеге көтерілсе сөйлегелі
Қазақтың рухы бірге көтерілген.
Дүние жаратылып, құралғалы
Бой ұрып тұрған жоқ па тұманға әлі.
Сөндірген Елбасы еді талай жерде
Тұрғанда соғыс өрті тұтанғалы.





Пікір жазу