20.04.2022
  128


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҚСАҚАЛДЫҢ ТЕБІРЕНІСІ

Ақиқаттан өзгенің бәрі жалған,
Шарығына мені өмір жанып алған.
Бәйтеректің басына көтерілгем
Елбасының қолының табы қалған.
Кезім еді сезімге құрықталған,
Басына оның шыққанда ырықты алған, –
Бозторғайы даланың секілдендім
Көкке асылып қалықтап тұрып қалған.
 Көңілінің ағысы іркілмеген
Азаматтың қадірін кім білмеген.
Қол табына қолымды төсегенде
Көкірегім күй тартып күмбірлеген.
Уақыттың мұп-мұздай тоңы қарып,
Басшы барда кім жүрсін тоңып, арып.
Тебіреніп толқығам
Нұрсұлтанның
Сәлемдесіп тұрғандай қолын алып.
Үмітімді үсітіп жел үзгенде,
Мұқалмағам күн кешіп сезімді елде.
Жанарымда жарқылдап жұлдыз жанған
Жүрегінің лүпілін сезінгенде.
Нарық сұсты семсерін сермегенде,
Кімге сенсін елі оған сенбегенде.
Айқайлағым кеп кетті жер-жаһанға
Шаттық сезім кеудемді кернегенде.
Тасқа соқсын өкініп кім маңдайын,
Ақша бұлт боп көгінде қылаңдайын.
Нән Бәйтерек көзіме елестеген
Көкке мені көтеріп тұрғандайын.





Пікір жазу