20.04.2022
  96


Автор: Рафаэль Ниязбек

МӨР

Рухын биік көтеріп жас қаланың,
Көшкені жөн арқаға Астананың.
Сарыарқаның даласы жетім бе еді,
Құшағында қалатын басқа ананың?!
Көк аспанды жапсаң да қақпақ етіп,
Бір күндері жүре ме жатқа кетіп.
Сарыарқадан айырылсақ не боламыз,
Келе жатқан мезгілде баққа жетіп.
Атансақ та шешен ел сөз жаратып,
Қуатымыз жоқ әлі озған артып.
Сақтанбаса бола ма,
Кең далаңа
Қарулы елдер тұрғанда көз алартып...
Елбасы елге Үндеуін жолдағасын,
Бастамасын қай кісі қолдамасын.
 Жатқа беріп қоймақ па –
Бабалардың
Қызыл қаны төгілген өр даласын.
Сарыарқаның көзінде сағымы ойнап,
Көшті Астана баянды бағын ойлап.
Ұлы күні тұсауын кескен еді,
Бүкіл ел боп қызығын жарқын тойлап.
Астананың арқаға ауысқаны –
Ар-намыспен қайыра қауышқаны.
Ақмоланың ұша алмай аспанында
Кейін қайтқан жат жұрттың сауысқаны.
Биіктерге көтерген жас тұлғаны,
Елбасының бойында тасқын қаны.
Мөр басқаны емес пе кең далаға
Астанамен арқаны бастырғаны.





Пікір жазу