20.04.2022
  124


Автор: Рафаэль Ниязбек

ҰЛЫ АҚЫН

Көңілінің сәулесі шыңға асылған,
Елбасы еді кеудесі жырға ашылған.
Сарыарқаға сәулетті қала салды,
Бұлақтардың көз жазбай тұнбасынан.
Туған елдің айналып ағасына,
Қала салды Есілдің жағасына.
Елбасының тамыры жалғанған-ды,
Тіршіліктің мың тарау саласына.
Дала өмірі тұрғасын нұрлы ағыстан,
Баяны жоқ бақ қуып кім алысқан.
Сұлу әсем қаланы көрген сайын
Есіл өзені толқыған қуаныштан.
Алтын сәуле ойнаған келбетінде,
Ондай қала жоқ шығар жер бетінде.
Астананың ел-жұрты орман сынды
Көктеп өскен жайқалып жел өтінде.
Тайталасып тағдырмен таласпаған –
Қай кісі де жарқылдап жар аспаған.
 Өгей бала секілді кейде Үкімет
Ата-анасын ұмытып қараспаған.
Уақытта көңілі суынбаған
Ата жолын ер бар ма қуынбаған.
Елбасының салдырған жас қаласы –
Жүрегінен жыр еді туындаған.
Салтанат құрса адамның нұрлы ақылы,
Анық нәрсе: бақтан бақ туатыны.
Астана деп арқаға дастан жазған
Президент заманның ұлы ақыны.





Пікір жазу