20.04.2022
  139


Автор: Рафаэль Ниязбек

КӨК БАЙРАҚ

Қараулықтың қамалын бұзып өтіп,
Жауын қалай жеңеді күші жетіп.
Ғарышқа адам ұшырып жатқанда елім
Ұшырмаған ел қанша құс түлетіп.
Жұрт жаңарып, мезгілде ел түлеген
Найзағайға азуын ер білеген.
Айға ұша алмай жүргенде көп жұрт әлі
Қазақ туы ғарышта желбіреген.
Қара бұлттың көбесі сөгілгенде,
Бағы ашылған өмірдің көңілді елде.
Ғарыш жаққа күллі әлем жалт қараған
Қазақ туы төрінен көрінгенде.
 Көңілінің мұң-шерін құзға ақтарып,
Қазақ қашан күн кешті ұсақталып.
Ғарышкер ту атанып көк Байрағы
Мұражайда тыныстап тұр сақталып.





Пікір жазу