ТУҒАН ЕЛДІҢ БАЯНДЫ БОЛАШАҒЫ
Көкжиектің көзінде жүзген арай –
Ақ шағала асыққан Сізге қарай.
Сіз жүргенде жер басып,
Ұласады
Көңілімнің көктемі күзге қалай.
Жанарымның ішіне мұң қамалып,
Жыр жазамын жанымды шыңға жанып, –
Уақыттың бұрқанған өзендері
Кеудеңізде жатқанда тулап ағып.
Бастан талай өткерген бұрқасынды,
Өзің барда жұртыңды кім басынды.
Ғасыры деп қазақтың еншіледің
Елге жеткен нарық боп бұл ғасырды.
Алатаудың жетілген өр төсінде,
Жалғыз Айбоз өзіңсің бөрте ішінде.
Заманды да өткердің бірге еліңмен
Ойнақтаған түйенің өркешінде.
Көкірегі жұртпыз ғой шерге толған,
Ез де болған кезінде, ер де болған.
Жүрегімді отқа орап жырлаймын ба,
Бақ көрмесем Сізді, Аға, елге қонған.
Көңіліңнің көгінен нұр төгіліп,
Еседі ылғи Сіз жақтан жыр өріліп.
Туған елдің баянды болашағы
Көзіңізден, жан Аға, тұр көрініп.