АУЫЗЫ ЖАБЫЛҒАН ЗҰЛЫМДЫҚ
Полигонға айналып кең даласы,
Ұшынғалы тұрған шақ ел арасы.
Кемтар ұрпақ туса егер
Алты Алаштың
Аңырамай қайтеді шерлі анасы.
Жаралғасын сұмдыққа шыдағалы,
Ғұмыр кешкен қоғамда құрамалы.
Ресей атом бомбысын талай жарған
Қазақ рухын қызықтап сынағалы.
Бақыт болып орнасын кімге жалған,
Қазақ сауыт секілді күнде қалған.
Сынақтардан күл болып тау жанғанда
Туған елдің арманы бірге жанған.
Тіршіліктің көзіне мұң байланып,
Сынақтардан тау жанған күлге айналып.
Сардаланы жайлаған мүгедектер
Арлы анадан азамат тумай қалып.
Қазақ қалай қырында сайрандасын –
Мүгедектер еліне айналғасын.
Елбасы атқа қонған-ды аруақтанып,
Намысына қылыштай қайралғасын.
Тыңдай білген алысын, жақынын да,
Елбасы еді батырың, ақының да.
Зұлымдықтың көмейін тас қып бітеп,
Полигонды жаптырған ақырында.
Тұратұғын көзінде нұры жанып,
Нар қазақты қорлаған қырына алып, –
Зұлымдықтың ауызы жабылған-ды,
Көмейіне жұмыр тас тығындалып.