20.04.2022
  221


Автор: Рафаэль Ниязбек

ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ ЖАН СЫРЫ


Сұм заманда ұл азып, қыз бүлінген,
Айырылсын ел неге ізгі үнінен.
Нұрсұлтанға сенемін,
Өзге болса,
Қалады елдің ажырап тізгінінен.
Қасиетін жоғалтпай елге біткен,
Күн кешеді серілік, серкелікпен.
Ана жаққа алаңсыз аттанамын
Елбасына жүрегім сенгендіктен.
Бақыт тапқан қаласы, даласынан,
Еркін елдің қашанда бағы ашылған.
Бостандық жаңа туған сәби болса,
Кім жалаңаш тумаған анасынан?
Шыдау қажет ақыры шыдағасын,
Көк бөрілі Байрағым құламасын.
Бостандық жаңа туған сәби болса,
Емшек сұрап ол неге жыламасын?
Бостандық боп ар-намыс тірілгенде,
Жығылмады кім қоса сүрінгенде.
Жаңа-жаңа қаз басқан бала ғой ол,
Сүрінбейді қай бала жүгіргенде?
Түсінсе егер нар халқым, елім мені,
Бұл кісінің бар деме не білгені.
Кейін қарай шегініп кеттік деме,
Нарық заман жылқы емес тебіндегі.
 Күн кештім деп ойлама жетім елде,
Құрыш балқып еріген бекінерде.
Кейін қарай шегініп, жүгіретін
Спортшылар биікке секірерде.





Пікір жазу