20.04.2022
  96


Автор: Рафаэль Ниязбек

САЛТАНАТТЫ ЖИЫНДА

Жүрегіңнің түбіне мың бойлаған,
Таққа мінген күніңді жұрт тойлаған.
Жиын өтіп жатқанда салтанатты
Тосын жағдай болар деп кім ойлаған.
Күнің сөнбей тұрса да аспаныңда,
Жүзетіндер бар әлі басқа ағында.
Салтанатты жиында кім ойлаған
Тосын жағдай болар деп қас-қағымда.
Сізден өзге нұр шашсын кім уыстап,
Ұлы Дала нұр жұтып тұр тыныстап.
Құлап бара жатқанда
Шалт қимылдап,
Үлгердіңіз әп-сәтте туыңды ұстап.
Болашаққа үңілген жылда үмітпен,
Сіздей алып емендер шыңға біткен.
Үлгердіңіз туды ұстап, Мәртебелім,
Найзағайдай жарқ еткен жылдамдықпен.
Дұшпан көп те кететін суыңды улап,
Жүрегіңнің келемін мұңын жырлап.
Күреңіткен әлемнің көз алдында
Не істер ек жатқанда туың құлап.
Тал бойыңа көп сіңіп тылсым арай,
Жанған еді көзіңде жұлдыз талай.
 Туы жерге құлаған қай елдің де,
Асқар тауы құламай тұрсын қалай.
Көңілінің құстары тұзақталған
Жанның бәрі бұл кезде ұсақталған.
Тумен бірге қазақтың
Асыл ерсіз
Асқақ рухын құлатпай ұстап қалған.





Пікір жазу