20.04.2022
124
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТЫҒЫ
Өзені көңілінің ақпай қалып,
Көрсе де көп теперіш қақпайланып, –
Қазақтың қазақтығы ұятында,
Жүзінде алаулаған нарттай жанып.
Бұлағы ұмтылса егер құмға асығып,
Ендеше ғұмыр кешсін кім ашынып.
Қазақтың қазақтығы бірлігінде,
Көрмеген тумысында жігі ашылып.
Үйренген жауға аттанып он жасынан,
Жығылсын оңай неге жорғасынан.
Қазақтың қазақтығы намысында,
Көрмеген сөз асырып өр басынан.
Семсер боп жарқылдаған серті күнде,
Қайтпаған елдің жаудан беті мүлде.
Жаралған жолбарыстың жүрегінен
Қазақтың қазақтығы ерлігінде.
Жігерлі жетілдіріп жетімін де,
Сөйлеткен ата жаумен ер тілінде, –
Қазақтың қазақтығы бір ауыздан
Елбасын сайлай білген елдігінде.