20.04.2022
223
Келдім мен астанама бағынышпен
Келдім мен астанама бағынышпен,
Мойынға жырдан тұмар тағынышпен.
Жастықтың осында өткен күнін жоқтап,
Болдырмас болашаққа сағынышпен.
Дос, дұспан қылса қонақ қалада бұл,
Оларға күлме, күлсең – шалаға күл.
Мейлің сүй, мейлің жек көр, еркіңе бақ,
Күйдірме жолаушыны жалаға құр.
Оранған бейне салдай жасылдарға,
Алматым не көрмеген ғасырларда?
Еркем дер, тентегім дер ойлы шаһар,
Қоспас тек мені ойсыз масылдарға.
Өмірдің додасына түскен жанға
Бұйырған бақта үзілмей піскен алма.
Шаттықтың, сағыныштың шежіресі –
Сайрайды ренгендей іште таңба.
Сүйгенге базына мен бағыныш тең,
Оралдым Алматыма сағынышпен.
Біздің іш не көрмеген махаббаттан,
Сиқырдай су орнына сағым ішкен?!