19.04.2022
  159


Автор: Рафаэль Ниязбек

Мәскеу түрмесі

Қай тұсқа да жарқылдап самғай барған,
Елден келген кісі деп тау жайлаған,-
Ат үстінде жүргенде
Мәскеу еді,
Құрақ ұшып шылбырын сан байлаған.
Шайқап ішер ырзығын құлқын көріп,
Қабарып тұр бұл жолы сыртын беріп.
Қасқыр көрген ешкідей селтиеді,
Бөтен біреу бұзғандай шырқын келіп.
Күнін, түнін өткізген сауық, бимен
Көңіліне Мәскеу тұр қауіп түйген.
Кімнен, неден шошынды
Жарағы сай
Солдаттардан үстіне сауыт киген.
Асқан кезде жасынан пайғамбардың,
Сұрқын көріп Мәскеудің қайран қалдым.
Заманында Ер қала атанса да,
Бірі болды сертінен тайғандардың.
Тыныш, сірә, өтпеген бір кеші де,
Көкжал бөрі секілді бүргесі де.
Қандай сұспен қарсы алса бұны Мәскеу
Сондай сұспен қарсы алған түрмесі де.
Түрме іші –
азынаған қыр, атырап,
Қозғалуға дәрмен жоқ –
тұр қалтырап.
 Жеткен бойда көрге атқан
Адамды емес,
Ет секілді кәдімгі бір жапырақ.
– Жігер, күші бұлқынған талабында
Кісі болсаң,
құлмын деп сана мұнда, –
Көк жендеті тұмсықтан соқты келіп, –
Жатқан, – деп те, – жатқаның табанымда.
Жанарынан өшпеген кекті көріп,
Ызбарлана,
ызалы тепті келіп.
Қан түктеніп тепті кеп
Тұрғасын ба
Тепкісіне тексіздің текті көніп.





Пікір жазу