19.04.2022
  262


Автор: Рафаэль Ниязбек

Асанбай аға толғанысы

Пайда болған сайтандай қайқаң белден,
Колбин деген сұр қабан қайдан келген?
Түсіне ме ол шіркін!
Партбилетім
Жастық шағым екенін майданда өлген.
Тағыдайын мені кім мұнша аулаған,
Колбин, бәлкім, ер көрсе кіл жалмаған.
Бар қазақты қасына жиып апты,
Ұры тазы секілді жылмаңдаған.
Пенделікті күзеткен
Партбилетім
Арым еді, қайтейін, кір шалмаған.
Қабағына қабанның қарағыштап,
Содан көзге пенде аз ба құм салмаған.
Қандасымнан көп көрдім көресіні,
У тамады жүректен –
жыр саулаған.
Бомбы боп та жарылып кетер ме еді,
Босатпайды тас кеудем құрсаулаған.
Тарлан жаным теңселіп, сенделеді,
Партияға,
шындыққа сенген еді.
Қызыл билет сақталып төс қалтамда
Жүрегімді жылытып келген еді.
Азаматын қорлай ма жебе көрген,
Қайтып алса
билетін неге берген?
Асыл шеге мен едім
партияның
Тұғыр тасын құлатпай шегеленген.





Пікір жазу