19.04.2022
155
СОҒЫС ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМДЕР
Дауылдатқан заманның бетін көріп,
Қайғы біткен тұрғанда еркін төніп.
Байтақ дала көсіліп жатушы еді
Майдан, тылдың арасын
Жалғап тұрған арлы Өмір секілденіп.
Өркен өсіп,
Бүгінде жетілді қыр,
Ойын-күлкі айнала, еркін дүбір.
Әке менен немере аралығын
Соғыс жылы туғандар –
Жалғап тұрған арлы Өмір секілді бір.