19.04.2022
  238


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Футбол

Москваның «Спартак» командасына арнау.

Қашады топ түлкідей бейне,
Аңшылар қуған айнала жүйткіп.
Ормандай күзгі сирейді кейде,
Қалыңдап тобыр құйындай ұйтқып.
Тартқанмын көкпар, салғанмын салым,
Қаныма сіңген қызу бір от бар.
Тулайды жүрек, қызады қаным,
Ғалымжан алып қашқанда көкпар.
Шортандай болып іліккен ауға,
Қақпаға доп түскенде тулап,
Салымнан сол бір алардай сауға,
Көбісі жұрттың қол соғар шулап.
Көршім де менің ілесіп көпке,
Күн сүйген қолын шапалақтайды.
Сұрайды сүйінші кептерлер көкте,
Қалпақтар аста жапалақтайды...





Пікір жазу