19.04.2022
156
Сүт туралы жыр
Беруші еді-ау қалқып көбігін,
Кейде шеше, кейде жеңге.
Шымырлап, ернеуден асса төгіліп,
Көмуші еді-ау бейне емге!
Қай жерлерден келдің, жаным,
Шығыстан ба, Батыстан ба?
Бейне толқыған мөлдір таңым
Айлы ақ түнмен табысқан ба?!
Құйды ма саған сауыншы алғыс,
«Болсын, – деп, – шипа бұйырған жанға!»
Төкті ме әлде жауыңша қарғыс,
Емшектен еңіреп құйылған таңба?!
Сауыншының аңқылдақ пейілін
Сүйемін мен – адалдығын сусынның,
Мен де кейде болмасқа кейідім,
Болмадым тек, құлы құлқынның!
Сағынған сүтім, қай жерден келдің?
Айтшы, адамның көкірек нәрі?!
Жырылмай келсең аузынан төлдің,
Тамшыңды әрбір етейін дәрі!!