18.04.2022
396
Елін қорғар ер барда
Елін қорғар ер барда,
Ел іргесі сөгілмес.
Қазақ деп соқса жүрегі,
Қиындықтан жеңілмес.
Отан қорғаушы ерлердің,
Жүрегінде жалын бар.
Қайсар қайтпас мінезбен,
Алға қарай адымдар.
Жетінші мамыр күн бүгін,
Шаттығына бөлейтін.
Отан қорғаушы ерлерді,
Ән мен жырға тербейтін.
Жібек Искакова