18.04.2022
  573


Автор: Отан қорғаушылар күні

Отан қорғаушылар

Ел тынышын қорғайтын,
Аязға да тоңбайтын.
Қайсарлықты ту етіп,
Елге сәлем жолдайтын.
Елді қорғар жандар бұл,
Бар жақсысын арнайтын.

Қазақ деп соғар жүрегі,
Елінің жайын біледі.
Көк туы бар қолында,
Лезде жетіп келеді.

Отан қорғаушы ер барда,
Көңіліміз жай біздің
Қазағымдай ел барда,
Жан дүниеміз бай біздің.
Жібек Искакова





Пікір жазу