18.04.2022
  213


Автор: Отан қорғаушылар күні

Құтты болсын 7 мамыр

Қорғаушылар елімізді, Отанды,
Құтты болсын мерекеңіз бүгінгі.
Ел алдында абыройың асқақтап,
Сәттілікте жалғай бергін күніңді.

Деніңіз сау, амандықта болыңыз,
Мерекені жалғап тағы мереке.
Басыңыздан бақыт, шаттық кетпесін,
Жанұяда артып бірлік, береке.

Ел алдында істеріңіз оңды боп,
Қанатыңыз ешқашанда талмасын.
Жаратқаным жар боп сізге әрдайым,
Бар жақсылық таба берсін жалғасын.
Жібек Искакова





Пікір жазу