18.04.2022
  112


Автор: Рафаэль Ниязбек

АҒЫП ЖҮРМІН

Күнім күліп тұрғанда заңғар көктен,
Күндерімді есептеп алға кеткен, –
Жан болам ба деп кейде қорқушы едім
Теңіз жүзін бір көрмей арманда өткен.
Келіп едім,
Қарсы алды жайып құшақ,
( Кетті есіме кең пейіл Жайықты сап).
Толқындарын қақ жарып ағып жүрмін,
Желкен керіп жүйткіген қайық құсап.
Ағып жүрмін төсінде жөнге көніп,
Құлашымды,
Арқамды кеңге беріп, –
Дөңгеленген Дүние секілденіп,
Жатқасын да бұл теңіз дөңгеленіп.





Пікір жазу