18.04.2022
  113


Автор: Рафаэль Ниязбек

ВОЛОШИННІҢ РУХЫМЕН ӘҢГІМЕ


Волошинмен бірге аты-жөні белгісіз
басқа адамдар да биікке жерленген.
АВТОР.
Сен туралы жыр жазамын әлі де,
Саған ғашық жастар түгіл кәрі де.
Бір шындықты айтпай бірақ тұра алман
Терең ойлы көз жіберіп әріге.
Биік жандар емес шығар, сірә да,
Биіктерге қойылғанның бәрі де.





Пікір жазу