18.04.2022
  233


Автор: Рафаэль Ниязбек

ТАУДЫҢ БЕС САУСАҒЫ

Қара Дагтың найза қара бес шыңын
жұрт “бес саусақ” деп атайды.
Автор.
Жай түскенде көгінен жамсатқалы,
Солқ-солқ етіпті қаусап бәрі.
Таудың бірақ үлгерген жасынды ұстап,
Шыға келген арбиып саусақтары.
Жағалауын соққанда солқылдатып,
Жасынды әлгі жіберген толқынға атып.
Су астында от шашып қала берген
Тереңіне теңіздің жалқын батып.
Толқындардың сан өтіп елегінен,
Сан жылдардың бірге өтіп белеңінен,
Сол жасындар емес пе,
Кім біледі,
Сәуле шашқан теңіздің тереңінен?!
Жасын ұстап сүйегін шынықтырған,
Бұл бес саусақ талайға сыр ұқтырған.
Байқап қара!
Тең емес бес саусақ та
Иығынан көк таудың шығып тұрған.





Пікір жазу